2025 жылдың 03 маусымда Алматы облысының Іле ауданнының жалпы тәжірибе дәрігерлеріне « Туберкулез бойынша 5 айдағы эпидемиологиялық көрсеткіштер», «Туберкулезді емдеудің қысқа жолдары: заманауи тәсілдер мен ем тағайындау алгоритмдері», «Туберкулез инфекциясы, алдын-алу шаралары» тақырыбында бір күндік тренинг жүргізілді. Тренинг «Алматы облысы фтизиопульмонология орталығында» Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен өткізілді.
Тренингтің негізгі мақсаты:
Тренинг қатысушыларын дәріге төзімді-Туберкулезді емдеудің жаңа қысқаша режимдерімен таныстыру;
Қатысушылардың ТБ, дәріге төзімді-ТБ, туберкулез инфекциясы, МСАК-дағы инфекциялық бақылау шаралары, дәрілердің жағымсыз әсерлерін анықтау, емдеу, диагностикалау бойынша білімдерін жаңарту.
Ақпараттық жүйе (НРБТ, КМИС) бойынша есеп деректерін алу бойынша қатысушылардың білімін жаңарту.
Тренинг интерактивті режимде талқылау, ситуациялық мәселелерді шешу, сұрақ-жауап сессиялары түрінде өтті.





