Алматы облысының фтизиопульмонология орталығында жылдық есеп қорытындысы өтті.
2026 жылғы 30 қаңтар күні ШЖҚ «Алматы облысының фтизиопульмонология орталығы» КМК-де 2024–2025 жылдардағы қызмет қорытындысына арналған медициналық кеңес отырысы ұйымдастырылды.
Кеңестің негізгі мақсаты – орталықтың атқарған жұмысына талдау жасап, медициналық қызмет көрсету сапасын бағалау, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған басым бағыттар мен міндеттерді айқындау болды.
Жиынға Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының стационарлық көмек бөлімінің басшысы Байтулешова С.Б., ШЖҚ «АОФО» КМК директоры Асемгалиев Д.Ж., аурухана әкімшілігі, бөлім меңгерушілері мен медицина қызметкерлері қатысты.
Отырыста негізгі баяндамалар тыңдалып, туберкулездің алдын алу және емдеу бағытындағы жұмыстардың нәтижелері, стационарлық көмектің көрсеткіштері, сондай-ақ проблемалық мәселелер талқыланды. Кеңес қорытындысы бойынша 2026 жылға арналған нақты тапсырмалар мен ұсынымдар қабылданды.


