Құрметті достар!
Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық қызметтер көрсету мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын іске асыру аясында 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін бірқатар нормативтік-құқықтық актілер әзірленді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру — МӘМС — мемлекет, жұмыс берушілер және халықтың ортақ қатысуы есебінен азаматтардың медициналық көмекке қолжетімділігін қамтамасыз ететін жүйе. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап МӘМС жүйесінде медициналық қызметтер тізбесін кеңейтуге және созылмалы аурулары бар пациенттер үшін көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған маңызды өзгерістер күшіне енеді. МӘМС пакетіне келесі аурулар кіреді: — қант диабеті, — балалар церебралды сал ауруы, — ревматизм, — дәнекер тіннің жүйелі зақымданулары. Осылайша, МӘМС созылмалы аурулардың басым бөлігін қамтитын болады, ал 11 әлеуметтік маңызы бар ауру бұрынғыдай тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі —ТМККК аясында қаржыландырылады. Сонымен қатар, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) шеңберінде ұзақ әрі қымбат емдеуді қажет ететін ең ауыр 11 ауру сақталады. Олардың қатарына туберкулез, АИТВ-инфекциясы, онкологиялық аурулар, созылмалы вирусты гепатиттер мен бауыр циррозы, психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстар, орфандық аурулар, орталық жүйке жүйесінің дегенеративті және демиелинизациялық аурулары, эпилепсия, сондай-ақ жедел жағдайлар — миокард инфаркті (алғашқы алты ай) және инсульт (бір жыл ішінде) жатады. Бұл аурулар бұрынғыдай, пациенттің сақтандырылу мәртебесіне қарамастан, толық көлемде мемлекет есебінен қаржыландырылады. Бұл аурулар бұрынғыдай пациенттің сақтандырылу мәртебесіне қарамастан толық көлемде мемлекет есебінен қаржыландырылады. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға қосымша қолдау көрсетіледі. Әлеуметтік әл-ауқатының дағдарыстық немесе шұғыл деңгейіне жататын D және E санатындағы, табысы немесе зейнетақы жарналары жоқ адамдар үшін МӘМС жүйесіндегі жарналар жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен төленеді. Бұл олардың жұмыс істемеген және жарна аудармаған жағдайдың өзінде медициналық көмекке қолжетімділігі сақталатынын білдіреді. Сөз соңында атап өткім келеді: Баршаңызды сақтандырылған мәртебеде болуға шақырамыз — бұл уақтылы әрі сапалы медициналық көмек алудың кепілі.
Уважаемые друзья!
В рамках реализации Закона Республики Казахстан
«О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты по вопросам обязательного социального медицинского страхования и оказания медицинских услуг»
разработан ряд нормативно-правовых актов, которые вступают в силу с 1 января 2026 года.
Обязательное социальное медицинское страхование — ОСМС —
это система, которая обеспечивает гражданам доступ к медицинской помощи
за счёт солидарного участия государства, работодателей и населения.
С 1 января 2026 года в системе ОСМС вступают в силу важные изменения,
направленные на расширение перечня медицинских услуг и повышение доступности помощи для пациентов с хроническими заболеваниями.
В пакет ОСМС входят такие заболевания, как:
— сахарный диабет,
— детский церебральный паралич,
— ревматизм,
— системные поражения соединительной ткани.
Таким образом, ОСМС будет покрывать большинство хронических заболеваний,
за исключением 11 социально значимых болезней,
которые продолжают финансироваться в рамках
гарантированного объёма бесплатной медицинской помощи — ГОБМП.
Кроме того, в рамках гарантированного объёма бесплатной медицинской помощи (ГОБМП) сохраняются 11 самых тяжёлых заболеваний, требующих длительного и дорогостоящего лечения. В их число входят туберкулёз, ВИЧ-инфекция, онкологические заболевания, хронические вирусные гепатиты и цирроз печени, психические и поведенческие расстройства, орфанные заболевания, дегенеративные и демиелинизирующие заболевания центральной нервной системы, эпилепсия, а также острые состояния — инфаркт миокарда (первые шесть месяцев) и инсульт (в течение одного года). Эти заболевания, как и ранее, полностью финансируются за счёт государства независимо от статуса застрахованности пациента.
С 1 января 2026 года гражданам, оказавшимся в трудной жизненной ситуации, будет оказываться дополнительная поддержка. За лиц категорий D и E с кризисным или экстренным уровнем социального благополучия, не имеющих дохода или пенсионных взносов, взносы в системе ОСМС будут уплачиваться за счёт средств местных исполнительных органов. Это означает, что доступ к медицинской помощи для них будет сохранён даже в случае отсутствия работы и уплаты взносов.
В завершение хочу отметить:
мы призываем всех быть застрахованными —
это гарантия своевременной и качественной медицинской помощи.