
Құрметті Салават Сламжанұлы!!!
Сізді 70 жасқа толу мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Тұған күніңізге орай әріптестеріңіздің ақ көңілінен шыққан құттықтаулары мен жылы лебіз-тілекттерін қабыл алыңыз!
Өзіңіздің еңбек етіп жүрген медицина салаңызда білікті де білгір маман ретінде танимыз!
Сіз өз мамандығын жете меңгерген,
қызметтестер алдында ерекше беделге ие болған жансыз!
Жинаған тәжірибеңізді тәлімгер және ақылшы ретінде
кейінгі жастарға жеткізуден жалықпайсыз!
Игі істеріңіздің қашанда оңға басуына, әр қадамыңыздың қарымды болуына,
ел-қоғам алдында абыройыңыздың арта беруіне тілектестік білдіреміз!
Сізге және туыстарыңызға ұзақ ғұмыр,
еңбекте тың табыстар мен өмірдің асқақ абыройын тілейміз!
Шаңырағыңызда береке-бірлік, ырыс-ынтымақ бола берсін!
Бала шағаңыздың қызығын молынан көріңіз!
Сізге зор денсаулық,қажымас қайрат,отбасыңызға баянды бақыт тілейміз!
Ізгі тілекпен:
ШЖҚ «Алматы облысының
фтизиопульмонология орталығы»КМК.
Ақпан 2025ж.