23.02.2022ж Алматы облысының туберкулез диспансерінің фтизиатр дәрігері- Жангушинов Еркін Капшаевич, Облыстық психикалық денсаулық орталығының салауатты өмір салты профилактикасы маманы- Чевненко Татьяна Ивановналар 24 наурыз "Туберкулез дертімен күрес" күніне арналған айлық шаралар шеңберінде Талдықорған агро-техникалық колледжі І-ІІ курс студенттеріне "Туберкулез ғасыр дерті" тақырыбында лекция оқыды. Мақсаты: Жасөспірімдерді зиянды әдептерден оқшаулай отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу. Аталған кездесуге колледж І-ІV курс студенттерінің қатысуымен "Назар аударыңыз туберкулез!" тақырыбында қабырға газеттері алдын-ала ұйымдастырылып, қорытындысы шақырылған мамандармен шығарылды және мазмұны үздік газеттерді жариялаған жеңімпаз топтарға арнайы дипломдар табыс етілді. Жауапты ұйымдастырушы, колледж фельдшері- Жумабекова Айгуль Барлыковна.
  
  
 
 
  
  
  

  
 
  |