Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Алматы облысының фтизиопульмонология орталығының қызметкерлері батырларды еске алды
9 Мамыр — Жеңіс күніне орай, «Алматы облысының фтизиопульмонология орталығы» қызметкерлері Ұлы Отан соғысы батырларына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.
Жеңіс күні — ерлік пен батырлықтың, Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің символы. Біз бейбіт өмір мен болашақ ұрпақтың жарқын келешегі үшін жанын қиған ардагерлердің ерлігіне әрдайым құрметпен қараймыз.
Соғыс қаһармандарының ерлігін ұмытпау, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру және ел тарихына деген құрметті қалыптастыру — қоғамымыздың маңызды рухани құндылықтарының бірі.
Орталық ұжымы ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне көрсеткен ерлігі, табандылығы және Ұлы Жеңіске қосқан зор үлесі үшін шынайы алғысын білдіреді.
Халықтың өшпес ерлігі мен даңқы жүрегімізде мәңгі сақталады.
Жеңіс күні құтты болсын! 🇰🇿🌺
