24 қазан 2024 жылы Алматы облысы фтизиопульмонология орталығының директоры Д.Ж. Асемгалиев ұжымды Республика күні мерекесімен құттықтап, бұл ерекше күн еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігінің символы - Республика күні екенін атап өтті. Туберкулез бойынша ауру- сырқау жағдайын жақсарту үшін ұжымның әр бір мүшесінің үлес қосып отырғанын атап өтті. Республика қарсаңында ұзақ уақыт дәрігер қызметімен көзге түскен Нұрғалиева Айтқайша Какибайқызы Қазакстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің "Еңбек ардагері" төсбелгісімен марапатталды. Құрмашева Айнұр Жәнібекқызы Қазакстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" төсбелгісімен марапатталды. Республика күні құтты болсын! Еліміз гүлденіп көркейе берсін!
25 ҚАЗАН РЕСПУБЛИКА КҮНІ
Categories: