Алматы облысы фтизиопульмонологиялық орталығы Без рубрики Медицина қызметкерлері күніне арналған марапаттау шарасы

Медицина қызметкерлері күніне арналған марапаттау шарасы

🎉 Медицина қызметкерлері күніне арналған марапаттау шарасы 🩺

Алматы облысының фтизиопульмонология орталығында медицина қызметкерлері күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Бұл күн – адам өмірі үшін күресіп жүрген ақ халатты абзал жандардың еңбегін бағалайтын маңызды сәт. 🌟

🔹 ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен — дәрігер Базарбаева Эльмира Ұлықпанқызы марапатталды.

🔹ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Құрмет грамотасымен» — дәрігер фтизиатр Махмадинов Елқонды Қыдырұлы марапатталды.

🔹 «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен: – дәрігер фтизиатр Кунусов Салтанат Кунчигарович,
– дәрігер эпидемиолог Супакова Индира Абайқызы марапатталды.

📝 Сонымен қатар, бірқатар медицина қызметкерлері «Құрмет грамоталары» мен «Алғыс хаттарға» ие болды. Бұл марапаттар – олардың күнделікті қажырлы еңбегінің, жанашырлығы мен кәсіби адалдығының жемісі.

Барша әріптестерімізді кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілейміз! ❤️