13 желтоқсан 2024 жылы Алматы облысы фтизиопульмонология орталығының директоры
Д. Ж. Асемгалиев ұжымды тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап, тәуелсіз елдің ең басты тұғыры, сол мемлекеттегі жергілікті ұлттың рухы, жігері, қоғамдық санасы екенін айта отырып, ұжымның әрбір мүшесінің үлес қосып отырғанын атап өтті!
Тәуелсіздік күні қарсаңында ұзақ уақыт дәрігер қызметімен көзге түскен Жунусбекова Гүлмира Тлектесқызы «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін » төсбелгісімен,сонымен қатар Даулетова Л.Х., Буиенбаева Ж.А кәсіподақ қозғалысын нығайтуға белсене қатысқан үлесі үшін «Құрмет грамоталары» тапсырылды. Бірқатар қызметкерлерді Алматы облысы мен Жетісу облысының кәсіподақ филиалының «Құрмет грамоталары» мен «Алғыс хаттармен» қызметкерлерді марапаттады.Тәуелсіздік мерекесімен «AQNIET» кәсіподағының төрайымы А.Т. Батыргереева ұжымды құттықтап, еңбектеріне табыс тіледі. Фтизиатр дәрігер Г.Е.Ерекен белсене атсалысып, тәуелсіздік күніне тамаша баяндама жасады.
16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын🇰🇿 Еліміз гүлденіп, көркейе берсін, береке, ынтымақ болып, бейбітшілік заман болсын! Қазақстанымыз өркендей берсін!🇰🇿 Тәуелсіздік тұғырлы болсын!
16 желтоқсан — Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Categories: