2024 жылғы 8-9 ақпанда Алматы қаласында аралас офлайн/онлайн форматта “2023 жыл қорытындысы бойынша туберкулезге қарсы ұлттық бағдарламаны жүзеге асыру” республикалық үйлестіру кеңесі өткізілуде.
Үйлестіру кеңесінің мақсаты- 2023 жылдың қорытындысын шығару, туберкулезге қарсы Ұлттық бағдарламаның тиімділігіне әсер ететін өзекті мәселелерді талқылау, “END TB” стратегиясын ескере отырып, басым мәселелерді шешу бойынша іс-шараларды жоспарлау.
Кеңес жұмысына ҚР ДСМ өкілдері; ҚР ҰФҒО мамандары, ЖҚ ЖІАТ мамандары; өңірлік ФПО ОДКК бірінші басшылары; туберкулез саласындағы ҮЕҰ үйлестірушілері; ҰТБ ұлттық және сыртқы кеңесшілері; ҰТБ халықаралық және ұлттық серіктестері, ЕҮК, ҚЖА қатысуда.
Кеңес шеңберінде ДТ ТБ емдеу үшін BPaLM/BPaL режимдерін енгізу, балалардағы туберкулезді диагностикалау мен емдеудің, ҚР өңірлерінде туберкулез инфекциясын профилактикалық емдеудің өзекті мәселелері, пенитенциарлық жүйеде туберкулезге қарсы іс-шараларды іске асыру, ТБ/АИТВ-ны анықтау, алдын алу, диагностикалау және емдеу мәселелері және басқалар талқыланады.
Облыстық фтизиопульмонология орталықтарының басшылары туберкулезге қарсы іс-шаралардың өзекті аспектілері мен сын-қатерлері бойынша есеп береді.
Жұмыс топтарында іс-шаралар мен фтизиопульмонологиялық қызметтің ТБ менеджментінің аспектілерін, ТБ мен ДТ ТБ-ны анықтау, диагностикалау және емдеу тиімділігін, ТБ END стратегиясы шеңберінде СТОП ТБ серіктестігін дамытуды талқылау жоспарлануда.
Бұл кеңес өткен жылғы жұмыстың қорытындысын шығаруға, Қазақстанда ТБ жою мақсатында алдағы іс-шараларды талқылауға және жоспарлауға арналған алаң болып табылады.
2023 жыл қорытындысы бойынша туберкулезге қарсы ұлттық бағдарламаны жүзеге асыру
Categories: