Понедельник, 29.05.2023, 10:57 | Приветствую Вас Гость | RSS |
8 800 080 88 28 | |
Главная | Государственная символика | Регистрация | Вход |
|
Қазақстан республикасының мемлекеттiк туы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалақтап ұшқан қаран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының біркелкілі көгілдір түсі бірігу идеясын білдірумен қатар, әрқашанда бейбітшіліктің, тыныштық пен жарқын белгісі саналатын бұлтсыз ашық аспанды еске салады. Геральдика тілінде көк түс пен оның реңктері адам бойындағы адалдық, тазалық, үміт сияқты қасиеттеріне сәйкес келеді. Шұғылалы алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелесе, дала бүркіті қазақстандықтыр ұғымында дарқандық пен қырағылық, биіктік белгісі. Қазақстан республикасының мемлекеттiк елтаңбасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уыктар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының негізіне шаңырақ алынған. Ол елтаңбаның жүрегі іспеттес. Шаңырақ әлемінің біртұтастығын, мемлекеттің бастауы отбасы ошағын бейнелейді. Қанатты тұлпар мәңгілік өмір, шексіз даму және Қазақстан секілді бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халықтардың рухани байлығының белгісі. Қанатты тұлпар болашаққа үміт артар жас ұрпақтың арманы, самғау билігі. Елтаңба төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар. Әр адамның өмірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады. Мемлекеттің де осндай жұлдызы болуы керек.
Алтын күн аспаны, Қайырмасы: Ұрпаққа жол ашқан, Қайырмасы: Әні Шәмші Қалдаяқов Государственный флаг Республики Казахстан Государственный флаг Республики Казахстан представляет собой прямоугольное полотнище голубого цвета с изображением в центре солнца с лучами, под которым - парящий орел. У древка - национальный орнамент в виде вертикальной полосы. Изображение солнца, его лучей, орла и национального орнамента - цвета золота. Соотношение ширины Флага к его длине - 1:2.
Государственный герб Республики Казахстан Государственный Герб Республики Казахстан имеет форму круга и представляет собой изображение шанырака (верхняя сводчатая часть юрты) на голубом фоне, от которого во все стороны в виде солнечных лучей расходятся уыки (опоры). Справа и слева от шанырака расположены изображения мифических крылатых коней. В верхней части расположена объемная пятиконечная звезда, а в нижней части - надпись "Қазақстан". Изображение звезды, шанырака, уыков, мифических крылатых коней, а также надписи "Қазақстан" - цвета золота.
Государственный гимн Республики Казахстан
Алтын күн аспаны, Қайырмасы: Ұрпаққа жол ашқан, Қайырмасы:
Автор музыки Шамши Калдаяков |
|
КГКП "Областной противотуберкулезный диспансер" г.Талдыкорган© 2023 |
uCoz |